31 марта в 17:00

БҚО-да 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімі бірқатар заң бұзушылыққа жол бергені анықталды деп Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімі бірқатар заң бұзушылыққа жол бергені анықталды деп Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Автордың фотосы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде БҚО-да 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Казталов ауданында халықтың орталық пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне заңсыз берілген. 

Министрлік Казталов ауданы әкімінің аппараты мен жер қатынастары бөлімінің Жер кодексінің нормаларын сақтамай, бірқатар заң бұзушылыққа жол бергенін хабарлады. Еліміздің Жер кодексінің 26- бабы, үшінші тармағына сәйкес, жайылым жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек ғана халықтың қажеттілігі үшін пайдалануы тиіс. Аталған заң бұзушылықты жою бойынша басқарма ұйғарып шығарып, орындалған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp