Батыс Қазақстан облысында оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Білім бәйгесінде 653 оқушы бақ сынауда. Байқауға 12 ауданнан – 276, қала мектептерінен - 131, облыстық мектептерден – 246 оқушы қатысады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Басқарманың таратқан ақпарына сүйенсек, олимпиаданың үшінші кезеңі 6-8 қаңтар аралығында облыс орталығында орналасқан №51 мектепте өтеді.
Олимпиаданың облыстың кезеңінде бақ сынайтын оқушылардың басым көпшілігі қоғамдық-гуманитарлық бағытта сынақ тапсырмақ.
Оқушылар бұған дейін мектепшілік және қалалық, аудандық кезеңінде бақ сынады. Облыстық кезеңде жеңіске жеткендер республикалық байқауға жолдама алады.