Батыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында оқитын 803 студент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілмеген. Соның кесірінен жастарға медициналық көмектен қағылған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Орал қаласының прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің жұмысын тексеріпті. Нәтижесінде бірқатар оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер туралы мәлімет Ұлттық білім беру деректер базасына уақытылы және толық көлемде енгізілмегені анықталған. Соның кесірінен білім алушылар МӘМС жүйесіне енгізілмеген. Мемлекет күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер үшін жарна төлейді.