22 часа назад

БҚО-да 90-ға жуық оқушы мектеп тасымалымен қамтылмаған

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ақжайық ауданында 90-ға жуық оқушы мектепке автобус тасымалымен қамтылғанын мәлімдеді.

БҚО-да 90-ға жуық оқушы мектеп тасымалымен қамтылмаған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Прокурорлар аудан орталығынан шалғайда тұратын балаларды тасымалдау мәселесін тексеріпті. Нәтижесінде атқамінерлердің Есенсай – Жазира - Тасоба, Ақсуат - Ақбұлақ, Ақсуат - Сахарный, Талап - Әтібек, Базаршолан - Баянтөбе бағытында барлығы 90-ға жуық оқушы тасымалы реттелмегені белгілі болды. 

Еліміздің «Автомобиль көлігі» туралы заңына сәйкес шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын балаларға білім ордасына дейін тасымалдау схемасы мен тәртібін әзірлеуі керек. Прокурорлар аудан әкіміне ұсыну енгізіп, тиісті қаулы қабылданды. Осылайша, мектебі жоқ елді мекендерден қатынап оқитын 88 оқушының қауіпсіз тасымал мәселесі шешілді.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp