Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына қарасты Сатыбалды ауылында игі бастама жүзеге асты. Ауылдың ауылнайы Руслан Сарбаев 2026 жылы дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 200 мың теңгенің сыйақысын берген. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл Сатыбалды ауылында төрт шақалақ дүниеге келіпті. Ауылнай халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында жас аналарды құттықтап, сыйын табыстапты. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысыпты. Ол жаңа бастамаға оң баға беріпті.

— Ауылнайлар жергілікті әкімдікпен, депутаттармен, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар және ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оның қызметі ауылдық жерлердің өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Қазақ халқы ананы әрдайым ерекше құрметтеген. Бүгінгі шара да сол қадірлі аналарға, жас отбасыларға деген шынайы құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісі деуге болады, - деп атап өтті аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

Жақында жеңілген жас аналар өз ризалығын білдіріп, алғысын айтты.

Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды ауылында 253 тұрғын өмір сүреді. Биыл осы ауылда он сәби дүниеге келеді деп күтілуде. Аталмыш ауылға 2024-2025 жылдары екі отбасы «Қаладан-ауылға» пилоттық бағдарламасы аясында қоныстаныпты. Биыл да бір жанұяның қоныстанады деп жоспарлануда.

Өткен жылы Казталов ауданында шағын елдімекендерде маңызды іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылнайлар бекітілді. Олар ақысыз, қоғамдық негізде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ауданда 31 ауылнай бар.