Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы өтті. Жиынға өңір басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төрағалық етті. Жиында көктемгі су тасқыны кезеңі қорытындылады. Қазір қызыл судан келетін қауіп сейілді.
— 1,2 миллион текше метр қар шығарылды. 14 мың текше метр су сорылды. 47 мың шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді. Отырыс барысында арық жүйелерін салу, автожолдарда су өткізу құбырларының санын көбейту мәселелері көтерілді. Облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға қамданысты қазірден бастау қажеттігін айтты, -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысында балалардың жазғы демалысы да талқыланды. Санаулы күннен соң оқу жылы аяқталады. Сәйкесінше, оқушылардың бос уақыты көбейеді. Оны дұрыс ұйымдастыру күн тәртібінен түспейтін сауал. Бос уақытын ұйымдастырудан бөлек, олардың түрлі қатерге бас тігіп, саулығына зиян тимеуді де үлкен мәселені екені даусыз.
— Жыл басынан бері республика бойынша балалардың терезеден құлауының 40-тан астам дерегі тіркелген. Бұл бағытта ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, көпқабатты үйлерге терезе бұғаттағыш орнату басты назарға алынған. Күні бүгінге дейін 50 мыңнан астам адамға үнпарақтар үлестіріліп, жеткіншектердің өмірі мен саулығын сақтау үшін құзырлы құрылымдар бірлескен рейдтер ұйымдастырды. Іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі жалғасады, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиында газбен жабдықтау мәселесінде тілге тиек етті. Өткен жылы 111 мыңнан астам адамның баспанасы тексеріліп, түсінік жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары мен жеке секторда газ баллондарын пайдалану талаптарының сақталуына, автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін әлеуметтік осал топқа жататын 629 отбасының баспаналарына улы газды анықтайтын датчиктер орнатылған.