Батыс Қазақстан облысында мүлік салығын төлемегендер мемлекетке 48 миллион 422 мың теңге қарыз. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Күні бүгінге дейін мүлік салығын 20 903 адам төлемепті. Өткен жылы 20526 адам салық төлемепті. 2025 жылы мүлік салығы бойынша бережек 42 миллион теңгеден асып жығылған.

Сала мамандарының хабарлауы бойынша ең үлкен мүлік салығы бойынша берешек 542100 теңгені құрапты.

Елімізде мүлік салығын бірінші қазанға дейін төлеу керек. Егер мүлік иелері салықты төлемесе, әрбір кешіктірілген күнге өсімпұл қоса есептеледі.

– Салық уақытында төленбеген жағдайда хабарлама жіберіледі. Егер ол 30 күн ішінде орындалмаса, автоматты түрде салық бұйрығы қалыптастырылып, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданады.2025 жылы жеке тұлғалардан мүлік салығы бойынша 571 837,0 мың теңге түсті, ал 2026 жылдың екі жарым айында 16 630,0 мың теңге түсті, – деп хабарлады облыстық мемлекеттік кірістер департаменті.