БҚО-да пайданылмаған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Пайдаланылмаған жерді прокурорлар қайтарған.

Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған 3200 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Сырым ауданының прокурорлары пайдаға жаратпаған жер учаскілерін анықтау үшін тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы мақсатында алынған телімдер нысаналы мақсатта пайдаланбағаны анықталыпты.
Қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
- 2025 жылы БҚО-да 16 үйдің жеделсатысы алмастырылады
- 2024 жылы БҚО-ға 11 мың шетелдік саяхаттап келген