Социум
Қала әкімі депутаттарға есеп берді
Биылғы жылдың 8 айында Орал қаласында кәсіпкерлік саласында 42,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, салық түсімдері 23 пайызға артқан. Облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен 30 нысан іске қосылса, индустрияландыру картасы бойынша 3 жоба жүзеге асуда. Көшелер жөнделіп, инженерлік желілер жаңғыртылуда. Келесі жылы 44 аулаға спорт алаңын салу, көшелер мен әлеуметтік нысандарға бейнебақылау камераларын орнату, мектептерге кіреберіс жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берген шаһар басшысы Нариман Төреғалиев мәлім етті. Депутаттық корпус алдында