Социум
Қала күніне арналған салтанатты қабылдау
Қала күніне орай Орал қаласы әкімдігінің үлкен залында шетелден және көршілес өңірлерден келген қонақтарды салтанатты түрде қабылдау шарасы өтті. «Қазақстандағы көне шаһарлардың бірі Орал қаласы жаңа ғасырда жаңарып, сән-салтанаты келіскен әсем қалаға айналды. 18-19 ғасырларлардағы сәулет өнерінің ғажайып үлгісі болған ежелгі ғимараттарға деген жанашырлық көзқарас айқын сезіледі. Өткенді қастерлей отырып, ертеңгі күнге жасалған батыл қадамдар мен сәтті шешімдер тәнті етеді». Бұл - Орал қаласы мерекесіне арнайы келген Чехия, РФ-ң Саратов, Самара, Орынбор облыстары мен көршілес Ақтөбе және Атыра