Социум
Қала көшелеріндегі қарды талазауға жаңа техника кірісті
Еліміз бойынша бірінші рет Орал қаласында финдік «Arctic Machine» техникасы алынып, қала көшелерін қардан аршуға кірісті. Тың техниканың мүмкіндігі көп. Жаңа техниканың қауқары бұрынғы төрт мәшинеге тең. Жанар-жағармаймен қатар уақытты да үнемдейді. Алғашқы күннің өзінде бұл техника бес сағаттың ішінде бір мың текше метр қарды тиеп үлгеріпті. - Бұл техника Фин елінен арнайы әкелінді. Әзірге бір машина қызмет істеуде. Қазір арнайы мамандар жаңа техникамен жұмыс жасауда. Өте жылдам, қар лақтырушы құрылғысы да кез келген бағытқа бұрылып, жұмыс жасай алады. Әзірге осы техника қыс бойы сынақтан өті