Социум
Қала мектептерінің мұғалімдері марапатталды
Дәстүрлі ұстаздар мерекесіне орай Орал қаласының салтанат сарайында мұғалімдер балы өтті. Аталмыш шараға жас мамандар, ардагер ұстаздар мен білім беру ұйымдары басшылары қатысты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға». Ұстаз есімі - әрдайым қастерлі де құрметті есім. Мерекелік шарада сол есімді абыроймен алып жүрген, бар өмірін білімге, балаларға арнаған ұлағатты ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды. Қала әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар қауымын арнайы құттықтады. Айтулы мереке, басты мейрам ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа- тұс келді. Ширек ғасырда Орал қаласында 13 жаңа мектеп п