Социум
Қалалық әкімдіктің сайты жаңартылды
Бүгіннен бастап Орал қаласы әкімінің жаңғыртылған ресми сайты іске қосылды. Сайттың дизайнымен қатар ондағы қажетті ақпараттар да толықтырылған. Ғаламтор желісі арқылы тұрғындар өздері іздеген мекеме-кәсіпорындарды тауып, мемлекеттік атқарушы органның қызметімен, өзге де Орал қаласында болып жатырған әлеуметтік, мәдени жаңалықтарды таба алады. Орал қаласы әкімдігінің сайтын жыл басынан бері тәулігіне орта есеппен 250 адам қараған. Шаһар басшысына 405 түрлі ұсыныстар түскен. Олардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылық саласы, аулаларды абаттандыру, жол мәселесі, білім мен бала бақшалар кезегіне