Социум
Қалалық сенбілікте 400 түп көшет отырғызылды
Қала көшелерін жасыл желекпен көмкеру жоспарына ерекшеліктер енгізілуде. Енді шаһардың көркін аққайың, үйеңкілермен бірге шетен, шегіршін ағаштары айшықтамақ. Өткен сенбіде 7-ші және 9-шы шағынаудандар арасындағы көшеге 400 түп көшет отырғызылды. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы аясындағы күзгі сенбіліктер басталды. Қарқынды дамып келе жатқан солтүстік-шығыс аудан жасыл желекпен көмкерудің жаңа жоспарына сай абаттандырылмақ. Күзгі маусымдағы алғашқы сенбіліктің басты ерекшелігі жаңа ағаш түрлерінің отырғызылуы. Үйреншікті терек, қарағаш және қылқан жапырақтылардың орнына енді