Без рубрики
Қазақстан табиғаты ресейліктер көзімен
«Қазақстан табиғаты ресейліктер көзімен». Оралда осындай атаумен ерекше фотокөрме ашылды. Ерекшелігі сол – фотосуреттердің дені кәсіби маманның емес, биолог, эколог ғалымдардың қолынан шыққан дүниелер. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында өткізілген көрмеге келушілер де көп болды. Маңғыстаудың қатпарлы жұмбақ таулары. Қызыл шапақ таңның атуы мен күннің батуы. Түрлі тіршілік иелерінің өмір үшін күресі. Бұл ресейліктірдің көзімен көрілген Батыс Қазақстан аймағының табиғаты. Суреттердің шынайылығы соншалық, дала тынысы мен құстың қанат сусы