Социум
Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттаған
Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттатылып келген. Күзге таман сөрелерден жоғалып, таптырмайтын қанттың құны да асыра көтеріліпті деп хабарлайды 31 арна. фото из архива "МГ" Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жыл басынан бері жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады. Министрдің айтуынша, бүгінге дейін монополияға қарсы комитет мамандары 40 тергеу ісін жүргізген. Соның нәтижесінде 45 сауда нысанының ешбір экономикалық себепсіз бағаны көтергені анықталыпты. Қисынсыз қымбаттады делінген азық-түліктердің ішінде ұн, нан, сүт, қант және ет өнімдері сияқты