• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанның бірінші ракеткасы Орал қаласына келді

Орал қаласының теннис орталығында Қазақстанның бірінші, әлемнің отыз үшінші ракеткасы Ярослава Шведова балғын теннисшілермен шеберлік дәрісін өткізді. Осыдан екі жыл бұрын Орал қаласында теннис орталығының ашылуымен өңірде бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Жаңа ғимаратта болған Ярослава Шведова жас спортшылармен кездесті. Ол жұптық сында үлкен табыстарға қол жеткізген теннисші. Барлығы 14 турнирде 13 жұптық, бір жекелей сында жеңіске жеткен. Биыл Уимблдонда табысты өнер көрсеткен спортшы қаңтар айында өтетін ірі халықаралық турнирге дайындық үстінде. «Теннис орталықтарына бізді жиі шақырады,
Қазақстанның бірінші ракеткасы Орал қаласына келді
Орал қаласының теннис орталығында Қазақстанның бірінші, әлемнің отыз үшінші ракеткасы Ярослава Шведова балғын теннисшілермен шеберлік дәрісін өткізді.
shvedova-6
shvedova-6
Осыдан екі жыл бұрын Орал қаласында теннис орталығының ашылуымен өңірде бұл спорт түрі жақсы дамып келеді. Жаңа ғимаратта болған Ярослава Шведова жас спортшылармен кездесті. Ол жұптық сында үлкен табыстарға қол жеткізген теннисші. Барлығы 14 турнирде 13 жұптық, бір жекелей сында жеңіске жеткен. Биыл Уимблдонда табысты өнер көрсеткен спортшы қаңтар айында өтетін ірі халықаралық турнирге дайындық үстінде. «Теннис орталықтарына бізді жиі шақырады, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен мүмкіндігіне қарай, уақыт тауып баруға тырысамын» дейді спортшы. - Бүгін Орал қаласында шеберлік дәрісін өткіздім. Бұл қалаға алғаш рет келуім. Мен де бала кезімде осындай шеберлік дәрістеріне қатысқаным бар, сол сәттер жадымда сақталып қалды. Сондықтан білгеніңді кейінгі жас буынға үйрету керек. Олар керемет әсер алып, биіктерге талпына түседі. Биыл жекелей сында сәтті өнер көрсеттім деп айта аламын. Бұған дейін Рио, Лондон олимпиадаларына қатыссам, енді Токиода өнер көрсетсем деймін.Мен Қазақстанның атын әлемге танытатын теннис шеберлерінің шығатынына сенімім мол, - дейді Қазақстанның бірінші, әлемнің отыз үшінші ракеткасы Ярослава Шведова. Облыстық теннис орталығында 150-ден астам бала осы спорт түрімен айналысады. Мектеп ашылғанына жыл жарым уақыт болса да, балалар жүлдеден құр алақан емес. Астана қаласындағы Қазақстан чемпионатында орталықтан тоғыз жас спортшы кеткен. Бүгінде олар үздік нәтиже көрсетуде. Спорт мектебіне 6 жасынан бастап қабылданады. Қазір 30 топ жұмыс істейді. Әрбірінде 10 қатысушыдан. Бапкерлер де ұдайы өз біліктіліктерін арттырады. Әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген теннисшінің өңірге келуі жас спортшыларды жігерлендірері сөзсіз. Теннисші шеберлік дәрісін аяқтаған соң балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, сыйлық тарту етті. Анықтама: Ярослава Шведова өткен аптада Бейжіңде өткен WTA China Open турнирінің 1/4 финалына дейін жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші екі партияда да польшалық Агнешка Радваньскаядан жеңілді. Алайда, бұл ойын Шведоваға WTA рейтингінде жеті саты жоғарылауға мүмкіндік берді, қазір ол 32-ші орында тұр. Ал Путинцева екі саты төмен жайғасқан. Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Дияс 145-орнын сақтап қалды.    
Акерке Абишева
Главный баннер --> after article