• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Құжатты енді перзентханада рәсімдеуге болады

Бұдан былай сәби сүйген аналар баланың құжаттарын перзентханада рәсімдей алады. Мұндай игі бастамаға халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мұрындық болып отыр. Менеджерлер өздері перзентханаларға барып, жаңа босанған әйел адамдардың өтінішін қабылдайды. Бұл бесік тербеткен аналар үшін де тиімді шара. Иллюстративное фото из архива "МГ" Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын перзентханадан кезіктірсеңіз, таңғалмаңыз. Олар енді бесік тербеткен аналарға өздері барып, қажет құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Әуелі заңнама талабын түсіндіріп, кеңес береді. Бұл тұрғындар үші
Құжатты енді перзентханада рәсімдеуге болады
Бұдан былай сәби сүйген аналар баланың құжаттарын перзентханада рәсімдей алады. Мұндай игі бастамаға халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мұрындық болып отыр. Менеджерлер өздері перзентханаларға барып, жаңа босанған әйел адамдардың өтінішін қабылдайды. Бұл бесік тербеткен аналар үшін де тиімді шара.
roddom10
roddom10
Иллюстративное фото из архива "МГ" Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын перзентханадан кезіктірсеңіз, таңғалмаңыз. Олар енді бесік тербеткен аналарға өздері барып, қажет құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Әуелі заңнама талабын түсіндіріп, кеңес береді. Бұл тұрғындар үшін де қолайлы үрдіс. - Барлық документтерді осы перзентханада тіркеу ыңғайлы. Өйткені әркімнің үйінде баланы бағып қалатын адам болмайды. Әрі кеңес алуға болады. Мысалы, менің жолдасым шетелде жұмыс жасайтын еді. Соған байланысты үш күннің ішінде алынатын құжаттарды қалай рәсімдеуге болатынын сұрадым. Тиісті жауап алып, мол мағлұмат алдым, - дейді жас ана ГҮЛШАТ АЙТАСОВА. Орталық мамандары 4 қызмет бойынша өтініш қабылдайды. Баланың туылуын тіркеу, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы балабақша кезегіне қою. Игі бастама екі жаққа да тиімді. Енді орталыққа барып, кезек күтіп, қыруар уақыт шығындамайтын болдық дейді жаңа қызметке қуанған аналар. - Халыққа қолайлы болу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірнеше қызметке өтініштерді перзентханаларда қабылдау туралы пилоттық жобаны қолға алды. Бұл композитті қызмет көрсету деп аталады. Жас аналардың құжаттары 3 күннің ішінде рәсімделеді. Олар орталыққа тек дайын құжатты алуға ғана келеді, - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" Акционерлік қоғамының Батыс-Қазақстан облысының филиалы директорының орынбасары ЖАННА БАТАРҒАЛИЕВА. Құжаттарды перзентханада рәсімдеу ісі, әсіресе, жалғызбасты аналар мен балаға қарайлайтын адамы жоқ не жұмысбасты жандарға ыңғайлы. Әрі сәби сүйген аналардың босанғаннан кейін орталық жағалап жүретін уақыты да, кейде денсаулығы да бола бермейтіні аян. Сондықтан халыққа қарай оң қадам жасаған орталықтың бұл ісі құптарлық.
Главный баннер --> after article