Социум
Қоқыс қалдығын сұрыптайтын өндіріс кешені іске қосылды
Оралда қоқыс қалдығын сұрыптайтын өндіріс кешені іске қосылды. Мұнда шыны бөтелке, пластикалық құты, қағаз бен полиэтилен пакеттер іріктелініп, қайта өңдеуге жіберіледі. Қаладан күніне 150 тоннадай қоқыс шығарылады екен. Алайда тұрғындардың тазалық сақтау мәдениеті төмен. Тіпті сол кішігірім істі атқаруға, яғни тұрмыстық қалдықты тиісті жәшікке төгуге де қиынсынады. Қаладан жылына 55 мың тоннадай қоқыс шығарылады екен. Яғни әр оралдық бір жылда 200 келідей қоқыс төгеді. Полигонға жеткенге дейін қалдық әуелі контейнерге түсуі керек. Бірақ қала тұрғындары әр түрлі. Бірі күл-қоқысты бір аттам жер