Әлеуметтік маңызды жобалардың үздіктері анықталды
Байқау жеңімпаздарын анықтауда олардың әлеуметтік тұрғыда қаншалықты маңызды екені басшылыққа алынды. 2 кезеңнен тұратын байқауда ең үздік жоба иелеріне 500 мың теңге көлемінде грант берілді. Биыл өз жобаларын 26 автор ұсынған екен. Барлығы да жеңімпаз атанудан үмітті болып, өз жобаларының маңыздылығын дәлелдеуге күш салған. -«Байқау жүлдегерлеріне 500 мың теңге грант беріледі. Олар жыл соңына дейін осы қаражатты игеріп, жобаларын жүзеге асыруға міндеттеледі»,-дейді ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айболат Құрымбаев. Алдағы жылы осындай жоба иелерін қала аумағында ғана емес, облыс бойынша