Бизнес-новости
ӘРБІР ҮЙГЕ «ЦИФРДАН»
2022 жылдың 31 тамызынан бастап жеті облыс: Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында ішінара цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңімен көшуі жоспарлануда. Енді сүйікті бағдарламаларыңызды жақсартылған сапада көру бұрынғыдан да қолжетімді бола түспек. Цифрлық хабар тарату – бұл жоғары сигнал тарату жылдамдығы бар жаңа буын телевизиясы. Ол көбірек мүмкіндіктер мен қызметтер: қосымша арналар, сурет пен дыбыстың ең жақсы сапасы, мультимедиялық қосымшалар, радио, түймені бір басумен экранға шығарылатын электронды бағдарламалар, субтитр тілін та