Өңірде мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асып келеді
«Батыс Қазақстан облысы экономиканы әр тараптандыру бойынша Астанадан кейінгі екінші орында тұр». Өңірге келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді. Лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарында болып, Орал мұнай-газ және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен кездесті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ет және шұжық өнімдерін өндіру, саттыққа шығару. Бұл «Кублей» кәсіпорнының негізгі қызметі. Ірі өндіріс орнының кешенінде мал сою, етті сүйектен ажырату, өнімді орау-қаптау цехтары, зертхан