«Дала Қырандары» Орал штабына — 1 жыл
«Дала қырандары» Орал штабы 1 жыл жұмыс істеп келеді.
Бір жыл бұрын бәрі кеңседен де, қағаздағы жоспардан да басталған жоқ.
2024 жылдың наурызында Батыс Қазақстанды су басқанда, Астанадан келген қырандар мен Оралдың белсенді жастары бір мақсатпен бірікті.
Бір күннің ішінде 200 астам адам жиналып, халыққа көмек көрсетуге шықты — шын ниетпен, жүрек қалауымен.
Сол сәттен бастап «Дала Қырандары» Орал штабы дүниеге келді.
Ол кезде бұл жай ғана еріктілер тобы еді, ал бүгінде — өз қырандары, бағыттары мен нақты істері бар толыққанды штаб.
Бір жыл ішінде біз дәлелдедік: күш — бірлікте, әрекетте және қиын сәтте көмек беруде.