Социум
Данияр Елеусінов 10 млн теңгесін сал ауруына шалдыққан балаларға берді
Оралға бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов келді. «Алтын ұлды» отбасымен бірге әуежайдан облыс басшылығы қарсы алып, қабылдау өткізді. Алтай Көлгінов табыс еткен 10 млн теңгенің сертификатын чемпион сал ауруына шалдыққан балаларға беруді жөн көрді. Бұл Даниярдың Олимпиададан кейінгі туған жеріне алғашқы сапары. Чемпионды көруге асыққан жұртшылық оны таң ата әуежайдан үлкен құрметпен қарсы алды. Отбасымен бірге Оралға табан тіреген «алтын ұлға» елдің ықыласы бөлек. Өйткені басқа боксшыларымыз төрешілер тарапынан әділетсіздікке тап болып жатқанда Даниярдың алтыннан алқа тағуы рухты асқақ