Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары деп жиі айтылып жүрген Айман Instagram парақшасында танысының дүниеден өткенін хабарлап, жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Мой Город.

Алғашқы сторисінде ол жақын досының анасынан айырылғанын жеткізген:

«Кеше жан досымның анасы өмірден өтті. Алла алдынан жарылқасын. Сонда қызметтемеміз», – деп жазған.

Кейінгі жазбасында марқұмның өмір жолына тоқталып, оның өнегелі ғұмыр кешкенін атап өтті.

«Апа Алланың берген біраз жасын жасады. Жақсы өмір сүрді. 6 қызы мен күйеу балалары аяғын жерге тигізбей құрмет көрсетті. Немере, шөбере, шөпшек сүйді. Альхамдулиллях! 100-дің 90-ын жасады, оны қазақта той дейді. Бәріне, бізге де рақметін айтып, батасын беріп, разы екенін айтып, алдын ала бәрін тапсырып мәңгі бақи дүниеден өтті. Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін. Артық білгіштен жазбай-ақ қойыңдар. Ненің не екенін білетін жастамын», – деп жазды ол.