Социум
«ЭКСПО-2017»: Астанаға алғашқы пойыз аттанды
Бұдан былай облыс тұрғындары Оралдан Астанаға күнде қатынайды. Бүгін елордаға қосымша вагондары бар алғашқы пойыз аттанды. Бұл шара Экспо-2017 халықаралық көрмесіне орай қолға алынды. Пойызға отырмас бұрын жолаушылар теміржол бекетіндегі тексеруден өтеді. Кіреберіске қауіпсіздік шараларын сақтау үшін арнайы құрылғы орнатылған. Бүгін алғаш рет «Орал-Астана» бағытындағы жаңа пойыз жолаушыларын қабылдады. Отарба 8 купе вагонынан тұрады. Жолаушыларға барлық жағдай жасалған. - Біз кеше асығып жүріп пойыздан кешігіп қалғанбыз. Сосын осындағы бір жолсерік ертең де пойыз жүреді деп айтты. Жақсы болып