Елбасының қатысуымен болған жалпыұлттық телекөпірде құс фабрикасының тұсауы кесілді - птицефабрика телемост
Бұл өңірдегі іргелі жоба. Кәсіпорында құс етін дайындаудың кластерлік жүйесі қалыптасқан. Яғни, инкубаторда жұмыртқаны басудан, балапанды өсіріп, тауық қылып сою және етті өңдеудің өндірістік тізбегі жолға қойылған. Нәтижесінде фабрика жылына 7 мың тонна тоңазтылған құс етін өндіретін болады. Алып кешен замануи құрал-жабдықтармен жарақтанған. Ал алдағы уақытта мұнда құрама жем зауыты салынып, құстың азығына кететін шығынды азайту жоспарланып отыр. - Тауықтың жұмыртқадан шығып сойылғанға дейінгі уақыты 42 күнді құрайды. Осы аралықта оған дәруменге бай құнарлы азық беріледі. Бұл құстың тез салма