• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Елімізде 6 млн адам жолаушы пойызбен қатынаған

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың алты айында атқарған жұмысын жіпке тізді.
Елімізде 6 млн адам жолаушы пойызбен қатынаған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2026 жылдың алты айында алты миллионнан астам адам пойызбен қатынаған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Жолаушылардың көбі еліміздің ірі қалаларынан жолға шыққан. Алматы қаласы көш бастап тұр. Осы шаһардан жыл басынан бастап 993 мың адам жолға шыққан. Екінші орынға Астана қаласы жайғасқан. Елордадан 855 мың жолаушы, Шымкент қаласынан 393 мың жолаушы пойызбен сапарлапты.

— Өңірлер бойынша да жолаушылар ағыны жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының станцияларынан 615 мың, Абай облысынан 413 мың, Қарағанды облысынан 390 мың, Қызылорда облысынан 366 мың және Жамбыл облысынан 286 мың жолаушы пойыз қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіштер теміржол көлігіне деген сұраныстың республиканың барлық өңірлерінде тұрақты екенін айғақтайды, – деп хабарлады «Жолаушы тасымалы» АҚ.

Пойыз билетіне деген сұраныс қыс бен жазда, мереке күндері артады. Қазіргі таңда билет тапшы екені даусыз. Кейбір жолаушылар пойызға билет таппай, өзге өңірге көлікпен қатынауға мәжбүр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан ақпарға сүйенсек, қосымша 15 қосымша теміржол бағытын ұйымдастырыпты.

Төрт қосымша «Тальго» пойызын және үш қосымша қала маңы пойызын іске қосты. Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар Астана – Достық, Алматы – Достық, Семей – Достық, Өскемен – Достық, Қызылорда – Достық және Павлодар – Достық бағыттарында қатынайды. Сонымен қатар Алматы – Астана, Астана – Шымкент, Ақтөбе – Астана, Қарағанды – Балқаш және Алматы – Семей бағыттарындағы сұраныс жоғары пойыздарда орын саны көбейтілді. Теміржол билеттеріне сұраныс артқан кезеңде «Күту парағы» қызметін қолдануға болады. Бұл қызмет бос орындарды сатып алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Главный баннер --> after article