• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Еркек пен ұрғашы бірге отыруға болмайды шариғат бойынша»: Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда тілек айтуға шыққан ер адам қонақтарға діни уағыз айтып, басы дауға қалды.
«Еркек пен ұрғашы бірге отыруға болмайды шариғат бойынша»: Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото видеодан стоп кадр

Әлеуметтік желіде тойда тілектің орнына, діни уағыз айтқан ер адамның басы дауға қалды. Оқиға Түркістан қаласында болған. Ол шариғатта еркек пен ұрғашы бірге отырмайды деп тұрғындардың шамына тиді. Тіпті музыкаға да тыйым салу керек. Әншілерді «Шайтанның азаншысы» деп бағалады.

Бейнероликті желі қолданушылары біраз талқылады. Біраз адам ашуға булықты. Тіпті ер адамның пікіріне қатысты Ерлан Карин де ойын бүкпеді. Ол «әйелдерді кемсіту, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысызға мүлдем жат», –деп айтты.

Главный баннер

Ішкі істер министрлігі Түркістан қаласының 66 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Главный баннер --> after article