Социум
Ескі көліктерді қабылдау басталды
Елімізде ескі көліктерді қабылдау бекеттеріне өткізу науқаны басталды. Республика бойынша алғашқы аптада 200-ге жуық көлік тапсырылған. Орал қаласында күні бүгінге 65 автокөлік қабылданыпты. Иллюстративное фото с сайта novostipmr.com Қазбек Бекболсынов ескі Жигулиімен 600 шақырымдық жерден келген. Зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан «темір тұлпары» әлі жүріп тұр. Тек онымен жолға шығу қауіпті дейді көлік иесі. Темірі шіріп, тозып тұр. Сатуға келмейді. Сондықтан науқанды пайдаланып, 150 мың теңге өтемақы алуға бел буған. - Мәшинем 1995 жылғы, 20 жылдан асып кетті. Уақыты өткен көлік қой енді. То