Қазақстанда І топ мүгедектігі бар жандар пойыздарда арнайы орынды онлайн сатып алатын мүмкіндікке ие болды. Бас көлік прокуратурасы мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.
—Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз ете отырып, жүйені жетілдірді. 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды, – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
90 мыңнан астам І топтың мүгедектігі бар жандар осы жаңашылдықтың шарапатын көрмек.