• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қалта ұрыларынан қалай қорғануға болады?

Ішкі істер министрлігі баукеспелерден қорғанудың жолдарын жіпке тізді.
Қалта ұрыларынан қалай қорғануға болады?
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Қоғамдық көліктерде, базарлар мен адам көп жиналатын орталықтарында қалта ұрлығы көптеп тіркеледі. Қылмыскерлер қарбаласты шебер пайдаланып, қымбат телефондар мен әмияндарды көз ілеспейтін жылдамдықпен қолды қылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Ұрылардың негізгі айласы — адамдардың абыржу сәтін күту. Автобусқа кіре салысымен жолаушылардың назары бос орынға, жол ақысын төлеуге немесе гаджеттерге ауып кетеді. Осы сәтте тығыз орта мен аялдамадағы қарбаласты пайдаланған қаскөйлер сыртқы немесе артқы қалтадан заттарыңызды байқатпай суырып үлгереді. Көбінесе жәбірленуші мүлкінің жоғалғанын тек келесі аялдамаға жеткенде ғана түсінеді.

Главный баннер

Мүлікті қалай қорғауға болады?

Тәртіп сақшылары баукеспелердің арбауына түспеу үшін қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстануды ескертеді:

  • Қалтаңызды тексеріңіз: Телефон мен ақшаны ешқашан киімнің сыртқы немесе артқы қалталарында сақтамаңыз.
  • Сөмкені алға ұстаңыз: Қоғамдық көлікте немесе адам көп жерде рюкзак пен сөмкені арқаға емес, әрқашан алдыңызға ұстаған жөн.
  • Қараусыз қалдырмаңыз: Жеке заттарыңызды назардан тыс қалдырмаңыз, әсіресе әлеуметтік желілерде отырғанда қырағылықты азайтпаңыз.
  • Күдіктілерге назар аударыңыз: Айналаңызда тым жақын жүрген немесе күмәнді әрекет жасаған адамдардан сақ болыңыз.
Главный баннер --> after article