• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда әйел курьерлерді қолдауға арналған жаңа жоба іске асады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әйел адамдарды қолдауға арналған пилоттық жобаны қолға алды.
Қазақстанда әйел курьерлерді қолдауға арналған жаңа жоба іске асады
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстанда курьер болып жұмыс істейтін әйел адамдарды қолдауға арналған пилоттық жоба іске аспақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жобаны іске асыру үшін министрлік «Yandex Qazaqstan» компаниялар тобы және «Іскер» қолдау орталығы» қоғамдық қоры осындай маңызды үшжақты меморандумға қол қойды. Жаңа бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған аналар мен нәпақа тауып жүрген әйелдерге нақты көмек қолын созуды көздейді.

Пилоттық режимде іске қосылған бұл жоба Yandex Go қосымшасындағы «Тамақ», Lavka және «Жеткізу» сервистерінде кемінде төрт апта бойы еңбек етіп жүрген әйелдерге арналған. Жалғызбасты және көпбалалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырғандарға немесе науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын азаматшаларға басымдық беріледі. Әрбір өтініш жеке қарастырылып, соған сай психологиялық, құқықтық немесе гуманитарлық көмек көрсетілмек.

Главный баннер

Қатысу шарттары мен өтініш беру жолдарын білу үшін Yandex Pro мобильді қосымшасындағы «Ынтымақтастық туралы негізгі ақпарат» бөлімінен білуге болады. Қосымша мәліметті сервистің қолдау қызметінен алуға мүмкіндік бар.

Главный баннер --> after article