Елімізде ауыл шаруашылығы кооперативінің саны 9,6 пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстанда 4894 ауыл шаруашылық коперативі тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп.
– Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтері санының өсуі еліміздің бірқатар өңірлерінде байқалды. Өсімнің ең жоғарғы қарқыны Ұлытау, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелді. Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің ең көп саны Түркістан облысында шоғырланған. Өңірде 994 кооператив қызметін жүзеге асырды, бұл республикадағы олардың жалпы санының 20% астамын құрады,– деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Елімізде ауыл шаруашылығы кооперавтивтерінің ішінде төрт түлікті өсіретін кооператив көп. Олардың саны1882-ні құрайды. Сонымен қатар аралас ауыл шаруашылығы саласында маманданған 1 554 кооператив жұмыс істейді.
–2025 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірген өнім көлемі қолданыстағы бағамен 117,6 миллиард теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40,2% артық. Өткізілген өнімнің жиынтық көлемі 22,2 өсті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жекелеген ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілу деңгейі де артты. Атап айтқанда, тракторлар саны 24,9%, ал соқалардың саны 11,1% көбейді, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.