Қазақстанда өндірілетін балмұздақ өндірісі артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Биылғы жылдың қаңтар мен мамыр айында ел аумағында 35,1 мың тонна балмұздақ өндіріліпті. Өнім өндірісін ең көп Алматы облысы шығарған. Алматы облысының кәсіпорындары 23,3 мың тонна өнім өндірген. Ұлттық статитистика бюросы ең көп өндірушілердің қатарында Түркістан, Алматы қаласы мен Ақмола облысы барын атап өтті. Ең көп кілегейлі балмұздақ пен пломбир өндірілген.
— Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетуде. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық. Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Қазақстанда өндірілген балмұздақтың 99 пайызы ТМД елдерінде сатылған. Өнімнің 4,3 мың тоннасы Ресейге жөнелтіліпті. Екінші орынға Қырғызстан экспорты тұрақтапты. Оның көлемі 68,4 пайызды құраған. Өзбекстанға жөнелтілген өнім 27,7 пайызға артыпты.
Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.
— 2026 жылғы қаңтар–сәуірде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% көп. Балмұздақтың негізгі жеткізушілері – Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1,4 мың тонна), Өзбекстан (178,1 тонна) және Түркия (156,0 тонна), – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.