Ұлттық статистика бюросы жыл басында Қазақстанда темекі шегетін жандардың санын анықтау үшін сауалнама жүргізді. Оған еліміздің барлық облысы, Астана, Алматы мен Шымкент қаласы да қатысты. Сауалнама 15 жастан асқан 12000 үй шаруашылығының мүшесі қатысты.
Зерттеулерге сәйкес қазір халықтың 15,1 пайызы шылым шегеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,4% кем. Былтыр қазақстандықтардың 17,4 пайызы зиянды әдеттің жетегінде жүріпті.
Сала мамандары темекі шегетін жандардың 17,8 пайызы ауылдық жерде, 14 пайызы қалада өмір сүретінін хабарлады.
Шылымды көбінесе ер адам көп тартады екен. Олардың үлесі 30,5 пайызды құрайды. Қыз-келіншектер де бұл жаман әдеттен тыйыла алмай жүр. Қазір шылым тартатын әйел адамдардың саны 4,9 пайызды құрайды.
Шылым шегетіндердің басым көпшігі өндіріс өндірілетін табакты тұтынады. Ал қалғандары электронды темекіге әуес.