Астанада қажылыққа апарам деп тұрғындарды алдап соққан екі адам сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды. Жауапқа тартылғандар әлеуметтік желіге Сауд Арабиясының Мекке мен Мәдина қаласына қажылық сапар ұйымдастырамыз деп жалған жарнама жариялапты. Олардың жарнама сеніп, қажы атанғысы келген жандар 60 миллион теңге қаражатты санап берген. Жалған жарнама берушілерге 37 адам алданып қалыпты. Сотталғандар қаражатты қалтаға басып, оны өз қажетіне жұмсаған.
Сот үкімімен қасиетті сапарды ұйымдастырамыз деген жандар төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық қанағаттандырылыпты.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.