«Көшіп келем деушілерге есік ашық»: Сағынтаев Қазақстанға ЕАЭО дарындарын шақырды
Күні бүгін Алматыда ЕАЭО елдерінің цифрлік экономикасына арналған форум ашылды. Оған қатысу үшін оңтүстік астанаға Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев арнайы ұшып келді. Жиын барысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі деп хабарлайды NUR.KZ. Премьер-министр былтыр Қазақстан инновациялары орталығы "Астана хабының" ресми түрде ашылғанына тоқталып өтті. "Өткен жылы біз тек қана ұйымдастырушылық-технологиялық жайттарды дайындап қоймай, заңнаманы да өзгерттік. Бізге қажет болған өзгерістердің барлығын парламентпен қабылданды. Қарашаның басында жоба іске асты. Оны іске