• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Кезекте жоқсыз»: Ақсайлық тұрғын баспана дауына байланысты сотқа жүгінді

Бөрлі ауданының сотында тұрғын үй кезегіне қайта қою бойынша әкімшілік іс қаралды.
«Кезекте жоқсыз»: Ақсайлық тұрғын баспана дауына байланысты сотқа жүгінді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрлі ауданында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған азамат баспана кезегінен шығып қап, сотқа берді. Ол 2014 жылдың 17 қазанында баспана кезегіне тұрған. Бірақ Kezekte.kz ақпараттық жүйесінде түгендеу жүргізу барысында техникалық ақау болып, соның кесірінен талап қоюшы кезектен негізсіз шығып қалған. Электронды кезекке өзгерістер тек заңды күшіне енген сот шешімі арқылы қайта қалпына келтіруге болады.

Сот мән-жайды сараптап, арыз берген азаматты қайтадан тұрғын үй кезегіне қою туралы шешім шығарды. Сот шешімімен Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғынды тиісті санаты бойынша шығып қалған кезегі бойынша қайта қалтыра келтірмек.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Главный баннер --> after article