КПО б.в. компаниясы қоршаған ортаны нормадан тыс ластағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Зиянды заттардың Нормадан тыс мөлшері 13,8 тоннаны құраған. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы компанияның қызметіне талдау жүргізіпті. Прокурорлар тексерістің нәтижесінде облыстық экология департаменті « Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына әкімшілік хаттама толтырыпты. Компания екі миллиард теңге айыппұл төлеген.
КПО б.в. компаниясы 2 млрд теңге айыппұл төледі
Компания қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл арқалады.