• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда инватакси қызметінде өрескел олқылықтар анықталды

Мемлекетке келтірілген шығын 5,3 млн теңгені құрапты.
Маңғыстауда инватакси қызметінде өрескел олқылықтар анықталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысында инватакси қызметінде олқылықтар анықталды. Инватакси көлігінің қызметі үшін артық сағат жазып, негізсіз ақша төленген.

Соның кесірінен мемлекетке 5,3 миллион теңге шығын келген. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. Прокурорлар: "Ақтау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзды",- деп мәлімдеді.

Заң бұзған бөлім басшының ісі әдеп кеңесінде қаралыпты. Кеңес атқамінерді қызметіне толық сәйкес келмейді деген ұйғарым шығарып, тәртіптік жауапкершілікке тартқан.

Главный баннер --> after article