Қызылордада өткен құрылтай түрлі жаңалыққа толы болды. Жаңа инстуттаттар, бір палаталы Парламенттің атауы ауыстыруға байланысты ұсыныс айтылды. Тіпті бұрын-соңды болмаған вице-президент лауазымы болады.

Құрылтайдың бесінші жиынында президент ата заңның мәтініне пікір білдірген заңгерлердің ойын ортаға салды.

– Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді. Олар Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар. Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» алты айға да, алты жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет,–дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келетінін атап өтті. Ел тұтқасын ұстайтын адам заңды түрде, сайлау арқылы президент болмақ.