Социум
Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл. Мерейлі датаға орай облыста кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Оған жастар, спортшылар, ардагерлер бір кісідей қатысып, мерейлі мерекенің мән маңызын жауапкершілікпен сезінді. «Менің туым» эстафетасы мерекенің бастауы болды. Байкерлер көк байрақты «Орал» жазуынан «Динамо» стансасына дейін алып жүрсе, ескекшілер оны орталық саябаққа жеткізіп, Ерболат Байбатыров бастаған спортшыларға табыс етті. Кейін эстафетаны велошабандоздар жалғастырды. Олар, желбіреген жалаумен бүкіл қаланы кесіп өтіп, жаңа алаңда туды тұғырға бекітті. Осы жерд