Экология және табиғатты қорғау министрі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданына қарасты Молдаш Каналиев атындағы мектептің оқушыларымен кездесті. Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқу ордасында тәлім алатын оқушылар 2022 жылы "Экоқорғаушылар" ерікті топ құрған. Ерікті топ 40 баланың басын қосыпты. Олар осы жылдар ішінде бес мың келіге жуық балықты құтқаруға ат салысып, екі бұлақ көзін ашып, жүзге тарта тал-терек егіп, 500 келі қоқысты қайта өңдеуге жіберген.

Кездесу барысында министр Ерлан Нысанбаев оқушылардың табиғатты қорғау ісіндегі еңбегіне тоқталып, жастар арасындағы экологиялық волонтерлікті насихаттауға ықпал еткенін атап өтті. Министр топтың ең белсенді қатысушылары мен олардың басшыларын алғыс хатпен марапаттады.