«Нұрлы жер» бойынша 577 адам ипотека алған
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы - баспаналы болғысы келетін жандарға нақты қолдау. Өз үйін армандаған адам баспана мәселесін банктерден оңтайлы несие алу арқылы шеше алады. Немесе пәтерді арзан бағаға жалға алып, қоныстойын тойлауға мүмкіндігі бар. Рақымғалиевтер отбасы 25 жыл баспана кезегінде тұрған. Былтыр Тұңғыш Президент күні қуанышқа кенеліп, жаңа пәтердің кілті қолына тиді. Көп жыл мұғалім болған отағасы арманы орындалғанына дән риза. Пәтерді «Нұрлы жер» бағдарламасының көмегімен жалға алып отыр. Үш бөлмелі тұрғынжай көпбалалы шаңырақтағы ұл-қыздың шат күлкісіне толып, әз ұясына ай