Облыс жастарының коалициясы құрылмақ
Еліміздің белсенді жастары «Болашаққа бағдар: жастардың жетістікке жету жолы» тақырыбында өткен аймақтық форумда бас қосты. Шара барысында елбасы мақаласында айтылған ойлар жан-жақты талқыланып, қолға алынған жобалардың жүзеге асырылуы сөз етілді. Жаһандық өзгерістерге сай болу үшін, алдымен, ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай алуымыз шарт. Елбасы мақаласында айтылған әр ойдың негізгі түйіні осыған саяды. Қазақстанның 100 киелі нысаны мен 500 микросокралды орынын анықтау да тарихымызды түгендеуге бағытталған алғашқы қадамдардың бірі. Бұл тізімге біздің өңірден Хан ордасы мен Жайық қалашығы енгіз