• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Облыстық қоғамдық кеңесте 132 мәселе қаралған

Қоғамдық кеңестің жұмысы – жалпы азаматтық қоғамның айнасы. Оның қызметі ширақ болуы үшін – кеңестің әр мүшесінің және оны қолдайтын қарапайым тұрғындардың белсенділігі аса қажет. Ақпан айынан бері облыстық қоғамдық кеңестің 11 кеңейтілген отырысы мен 15 төралқа отырысы өткізілген. Ол жиындарда қоғамдағы түрлі өзекті, өткір делінген 132 мәселе талқыланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлім етілді. Брифингте БҚО қоғамдық кеңестің 9 айда атқарған қызметі қорытындыланды. Облыстық қоғамдық кеңестің қызметі елімізде жер реформасына қатысты мәселеде айқын
Облыстық қоғамдық кеңесте 132 мәселе қаралған
Қоғамдық кеңестің жұмысы – жалпы азаматтық қоғамның айнасы. Оның қызметі ширақ болуы үшін – кеңестің әр мүшесінің және оны қолдайтын қарапайым тұрғындардың белсенділігі аса қажет.
doroga
doroga
Ақпан айынан бері облыстық қоғамдық кеңестің 11 кеңейтілген отырысы мен 15 төралқа отырысы өткізілген. Ол жиындарда қоғамдағы түрлі өзекті, өткір делінген 132 мәселе талқыланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлім етілді. Брифингте БҚО қоғамдық кеңестің 9 айда атқарған қызметі қорытындыланды. Облыстық қоғамдық кеңестің қызметі елімізде жер реформасына қатысты мәселеде айқын көрініс тапты. Кеңес жыл басынан бері 11 кеңейтілген отырыс өткізсе, соның 5-уінде жер мәселесі қаузалған екен. Ол отырыстарда 116 адам сөйлеп, республикалық комиссияға 72 ұсыныс жіберілген. Бұдан басқа облыстық кеңестің жиындарында жазғы демалысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасы, жайылым туралы заң жобасы, бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, әкімдер есебі тыңдалған. Облыста 14 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оның біреуі облыстық, біреуі қалалық және 12-сі аудандық. Осы кеңестердің жұмысы олардың мүшелерінің белсенділігіне тікелей байланысты. Облыстық қоғамдық кеңестің құрамында 41 адам бар. Олардың барлығы бірдей жоғары білімді. Кеңесте 6 комиссия жұмыс істейді. Атап айтқанда, қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру, әлеуметтік мәселелер, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау бойынша жұмыс топтары құрылған. Комиссия отырыстарына үкіметтік емес ұйымдарды көбірек тарту керек. Жылпы қоғамдық кеңестер халықтың көбірек пікірін білу, қоғамдық ұйымдардың ұсынысын ескеру бағытында құрылды. Және бір мәселе – біз қоғамдық кеңес мүшелерінің қабылдауын апта сайын өткізіп тұрамыз, кестесі де бар. Халықтың пікірін білу мақсатында ЦОН, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы жәшік орнаттық. Бірақ әзірге белсенділік төмен, - дейді БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы ЕРБОЛ САЛЫҚОВ. Болашақта қоғамдық кеңестің жанынан әр салада тәжірибесі бар азаматтар арасынан эксперттік топ құрылмақшы. Жалпы кеңес отырыстарына кез келген тұрғын қатыса алатынын естеріңізге саламыз. Және облыстық қоғамдық кеңес әр сәрсенбі сайын түскі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін облыстық мәслихат залында қоғамдық қабылдау өткізеді.   Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article