Батыс Қазақстан облысының мектептері мен коллеждерінде оқитын шәкірттер «Qarzhy Sagshysy» интерактивті ойынына қатысуда. Жарыс 1-15 желтоқсан аралығында өтеді. Жобаға 10 мен 11 сынып оқушылары мен колледж қабырғасында білім алатын студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
– Ойын барысында қатысушылар қаржы пирамидалары, дропперлік, әлеуметтік инженерия секілді кең таралған алаяқтық түрлері жайында білім алып, виртуалды тапсырмалар арқылы алаяқтық әрекеттерден қорғану тәсілдерін меңгереді. Жоба цифрлық гигиена мен логикалық ойлауға негізделген.Шараны AML Academy және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды, -деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасы интерактивті ойында үздік нәтиже көрсеткендер 22-31 желтоқсан аралығында диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталатынын хабарлады.