Орал қаласы бойынша жер кезегінде 71 мың адам тіркелген
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жауапты мамандар баян етті. Өткен он айда құзырлы орган жер заңдылығының сақталуы бойынша 238 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 182 заңбұзушылық анықталып, 22 млн теңге айыппұл салыныпты. 84 жер иесіне тиісті мақсатта пайдалану қажеттігі жөнінде нұсқама берілген. - Жерлерін игермей отырған тауар өндірушілердің тізімін кіріс департаментіне жолдап, жалпы көлемі 142 мың га пайдаланылмай жатқан жерлерге салық мөлшері он есеге дейін арттырылды. Соның арқасында мемлекетке 10 млн. теңгеге жуық салық өндірілді деді, - БҚО Жердің па