Орал қаласына іс-сапармен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі келді
Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, алдымен Орал қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты. Қаңтардан бастап жұмыспен қамту орталықтарының жүктемесі еселене түспек. Бұл әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бірқатар қызметтердің толығуымен байланысты. Сондықтан орталықтар көп халықты қабылдауға дайын болуы тиіс. Осы орайда қалалық жұмыспен қамту орталығы жуырда электронды кезек жүйесін енгізді. Бұл қызмет көрсетуді оңтайландырып, сапасын арттыруға мүмкіндік жасап отыр. Министр автоматты кезек жүйесімен бірге, әлеуметтік келісімшартта